Пекинде (ҚХР) халықаралық жарыстағы USM-нің ЖЕҢІСІ

Құрылды: 20.11.2017 | 09:10
Жаңартты: 20.11.2017 | 09:13
Санаттар: Жаңалықтар
  • Пекинде (ҚХР) халықаралық жарыстағы  USM-нің ЖЕҢІСІ

    USM мамандарының дәнекерлеу техникасы бойынша халықаралық жарыста алтын және қола иегерлері атанғаны жайлы сіздерге қуанышпен хабарлаймыз!

2017 жылғы 4-14 қараша аралығында Пекинде (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту аясында жұмысшы персонал арасында дәнекерлеу техникасы бойынша жарыс өткізілді.

Конкурсқа 11 елден 60 маман қатысты. Қазақстан Республикасының атынан 5 адам, оның ішінде USM-нің 2 қызметкері – Лекер  Баймолдин және Рустам Хрюкин болды.

Біздің білікті мамандарымыз кәсіби шеберлік танытып, «Электр доғасын дәнекерлеу» санатында ЕҢ ҮЗДІК деп танылды.

Рустам Хрюкин алтын медаль жеңіп алды.

Лекер Баймолдин қола медальмен марапатталды.

Біз әріптестеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз!

Біздің клиенттер
  • АОО «Назарбаев Университет»
  • Корпоративный фонд «University Medical Center»