«USM Astana» ЖШС-ның Өндірістік қауіпсіздік қызметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері

Санаттар: Бос орындар

1

Лауазымның атауы:

«USM Astana» ЖШС-ның Өндірістік қауіпсіздік қызметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

жөніндегі инженері

2

Негізгі функционалдық міндеттіліктер:

Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен апаттарды алдын-алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау жұмысын жүзеге асыру.

3

Негізгі лауазымдық міндеттіліктер:

 - өндірістік жарақат алуды, кәсіби өндірістік-шартталған ару-сырқаттарды алдын-алу арқылы Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша заңдық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ұстануын бақылау жұмысын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау жұмысын және Серіктестіктің санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үлестіру;

 - жұмыс орнында еңбек жағдайларын зерделеу, қауіпті және зиян өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу бойынша жұмысты, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін аттестациялау және куәлдандыру, жоспарланған іс-шаралардың уақытында орындалуын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;

 - ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, машиналар мен механизмдердің техникалық жағдайларын, желдету жүйелері жұмысының нәтижелі жұмыс жасауын, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғау құралдарының жағдайын тексеру жұмыстарына қатысу, олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін анықтау, олардың уақытында өткізілуін бақылауға алу;

 - Серіктестіктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен еңбекті қорғау талаптарына жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтардың сәйкестігін аттестациялау және куәлдандыру бойынша жұмысты өзара жүргізсін;

 - жұмысқа қайта келгендер, іссапармен жіберілгендер, оқушылар және студенттер, өндірістік оқу немесе іс-тәжірибеге келгендерге кіріспе нұсқауларды жүргізу, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатқа бағытталған барлық нұсқаулықтардың уақытында және сапалы түрде өткізілуін бақылау;

 - еңбек іс-әрекетімен байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу, есепке алу және талдау жұмысын жүргізу, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды, өндірістік жарақат алу, кәсіби шартталған ауру-сырқаттарды тергеу жұмысын ұйымдастыру;

- мемлекеттік өкілетті органмен белгіленген ережеге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды құрастыру, бекіту және қайта қарастыру жұмысын жүзеге асыру;

- өндірістегі жазатайым оқиғаларды қарастыруға және оларды алдын-алу шараларын құрастыру жұмысына қатысу;

 - белгіленген формаларға сай және сәйкес мерзімдерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша есептілік жүргізу.

4

Іссапарға шығу:

Қарастырылады.

5

Білімі:

Кадрлар дайындаудың сәйкес бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибенің болуы (ұзақтығы, саласы, басқасы):

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымында 1 жылдан кем емес еңбек өтілі.

Мемлекеттік, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы,  «Назарбаев Университет» ДБҰ-дағы жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып есептеледі.

7

Кәсіби құзыреттілігі және жеке қасиеттері:

-        Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

-        еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жоспарлау негіздерін және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды өткізуді;

-     еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау cтандарттар

жүйесін;

-     жұмыс ауыртпалығы санатын (әйелдер, жеткіншектер, жеңіл еңбек түріне ауыстырылған жұмысшылар) ескере отырып, жұмысшыларға деген психофизиологиялық талаптарды;

-      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша насихаттау мен ақпарат беру әдістері мен тәсілдерін;

-     еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есептілік жасау тәртібі мен мерзімдерін;

-     жазатайым оқиғаларды тергеуден өткізу тәртібін;

-     еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;

-     тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу ережелерін;

-     мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу тәртібін білу.

8

Тілдерді меңгеруі:

Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгеру, және де ағылшын тілін білу назарға алынады

9

Компьютерлік дағдылар:

Кеңсенің ұйымдастырушылық техникасын кәсіби қолдана алу, MS Word, MS Excel, Power Point, Internet Explorer, Outlook Express Project бағдарламалар топтамасын кәсіби түрде пайдалана білу

10

CV-ді тапсыру мерзімі:

Сәйкес үміткерді іріктегенге (таңдағанға) дейін

 

Байланысушы тұлға:

Персонал жөніндегі менеджер Оспан Пернеш

Тел.: 69-49-34

Эл.пошта: Электрондық поштаның бұл мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Сізде қарау үшін JavaScript қосылған болуы тиіс.Электрондық поштаның бұл мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Сізде қарау үшін JavaScript қосылған болуы тиіс.

Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

«USM Astana» ЖШС
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні
Біздің клиенттер
  • АОО «Назарбаев Университет»
  • Корпоративный фонд «University Medical Center»