Персоналмен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы

Санаттар: Бос орындар

1

Лауазымның атауы:

Персоналмен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы

2

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1)        өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Серіктестік басшылығының тапсырмаларын уақытында және сапалы орындау;

2)        персоналмен және еңбек қатынастарымен байланысты барлық мәселелер бойынша басшылыққа, сондай-ақ бөлімше басшыларына кеңес беру;

3)        Серіктестіктің ұйымдық құрылымы және штат кестесі бойынша басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізу;

4)        ұйымдық құрылымдарды талдау және жасау, персоналға қажеттілікті айқындау;

5)        кадрлардың біліктілігін, жеке және кәсіби қабілеттерін бағалау негізінде оларды іріктеу, таңдау және үйлестіру саясатын іске асыру;

6)        адами ресурстарын басқару, жұмыскерлерді ынталандыру жүйесін құрастыру және жетілдіру, Серіктестік жұмыскерлерін оқыту және дамыту мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды бақылау, әзірлеу және өзектендіру;

7)        құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Серіктестік жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуді үйлестіру, олардың функционалдық міндеттеріне байланысты ұсыныстар дайындау;

8)        Серіктестік жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша бюджеттің атқарылуын үйлестіру, Бөлімше жұмыскерлерінің қызметтік іссапарлар жиынтығын бақылау;

9)        құрылымдық бөлімшелердің мақсаттарын құрастыру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, бағалауды әзірлеуге қатысты кеңес беру бойынша көмек көрсету;

10)    персоналды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссияларды өткізуді үйлестіру және ұйымдастыру;

11) Серіктестік бюджетін қалыптастыруға (Бөлімше құзыреті шегінде), жылдық бюджеттерді түзетуге және Серіктестіктің даму жоспарлары мен бюджетінің орындалуы бойынша жылдық есептер (еңбекақы төлеуге, кадрларды оқытуға және дамытуға, қызметтік іссапарларға, әлеуметтік жәрдемақыларға және т.б. шығыстар аясында) құруға қатысу;

12) жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібін ұстануын бақылау;

13) жұмыскерлермен еңбек қатынасында еңбек заңнамасын ұстану жұмысын бақылау;

14) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде бөлімше басшысының және Серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын уақытында және сапалы түрде орындау.

3

Білімі

Жоғары, гуманитарлық, заңдық, қаржылық

4

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

бакалавриат немесе маман дәрежесінде жұмыс өтілі кемінде 8 жыл, оның ішінде адами ресурстарын басқару саласында басшы лауазымында кемінде 3 жыл, «Назарбаев Университеті» ұйымдарында жұмыс өтілінің болуы назарға алынады

5

Кәсіби құзыреттілік және жеке қабілеттері

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;

- еңбек құқығы, персоналды басқару саласында біліктілікті арттыру;

- басқарушылық дағдылары (жетекшілік ететін жұмыскерлердің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру, соның ішінде қысқа мерзімде орындалатын жұмыс жағдайлар кезінде), тіл табыса білу, ұжымда жұмыс істей білу, орындаушылық, сабырлылық, дамыған көшбасшылық қабілеттер

6

Тілдерді білу

қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру және ағылшын тілін білу құпталады

7

Компьютерлік дағдылары:

ДК (Microsoft Windows, Microsoft Office, PowerPoint) меңгерудің жоғарғы деңгейі

 

Байланысушы тұлға:

Персонал жөніндегі менеджер Оспан Пернеш

Тел.: 69-49-34

Эл.пошта: Электрондық поштаның бұл мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Сізде қарау үшін JavaScript қосылған болуы тиіс.Электрондық поштаның бұл мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Сізде қарау үшін JavaScript қосылған болуы тиіс.

Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

«USM Astana» ЖШС
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні
Біздің клиенттер
  • АОО «Назарбаев Университет»
  • Корпоративный фонд «University Medical Center»