Жылыту/жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне қызмет көрсету
Санаттар: Сервистер, Фото Түйін сөздер: Гидравликалық сынау, Жылу магистральдары, Жылу пункттері, Жылумен жабдықтау, Жылыту маусымы, Құбырларды шайы жуу, Құрылыс жұмыстары, Әрлеу жұмыстары
Жылумен қамтамасыз ету ғимараттардың өмірлік маңызы бар жүйелер санына жатады және тұрақты қызмет етуді, қызмет көрсетушінің жоғары біліктілігін талап етеді. «USM Astana» компаниясы жылыту немесе жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне қызмет көрсету мақсатында
«USM Astana» компаниясы барлық клиенттерге тапсырыс берушінің техникасының тозуына, санатына және пішініне сүйене отырып, объектіге көрсетілетін іс-шаралардың жеке жоспарын құрастырады. Сонымен қатар, біздің апаттық қызметіміз 24*7 клиенттер үшін қолжетімді.
Біз қызмет көрсету үшін жылу қондырғыларының қандай түрін қабылдаймыз?
Біз қызмет көрсету үшін жылу энергиясы қондырғыларының кез келген түрлері мен типтерін, оның ішінде газбен, сұйық отынмен жұмыс атқаратын жылумен қамтамасыз ету жүйелерін қабылдаймыз.
Жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің қисынды жұмысын қолдауда қызметтердің негізгі бағыттары қандай?
жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің жылу режимдерін бақылау;
бекітілген нормативтер мен жоспарланған сандарға сәйкес энергия ресурстарының тұтынуын бақылау;
қажетті құжаттамаларды жүргізу;
жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету және жылыту қондырғыларын жөндеу, атап айтқанда:
- Техникалық қызмет көрсету:
1) ғимараттарды техникалық пайдалану барысында жылу жүйелерінің жұмыс параметрлерін сақтауды жүйелі диспетчерлік бақылау;
2) ғимараттарды техникалық пайдаланумен байланысты жылу жүйелерінің бақылау-өлшеу іс-шаралары;
3) жылыту жүйелерінің гидравликалық автоматикасын реттеу;
4) ғимараттардың жылу жүйесін техникалық пайдалану барысындағы құбыр желісін жүйелі түрде тексеру, ластанғанды жою, бұзылған арматураны, ысырмалар мен ілмекті құрылғыларды өңдеу.
- Ағымдағы жөндеу:
1) ғимараттардың жылу жүйелеріне техникалық қызмет көрсету барысында құбыр желісінің ақаулы бөліктерін ауыстыру;
2) жылу алмастырғыштарды, ілмекті арматураны, радиаторларды жөндеу немесе ауыстыру;
3) ақаулы сорғыларды жөндеу немесе ауыстыру;
4) жылыту жүйесін, тікқұбырларды, радиаторларды гидродинамикалық шаю;
5) бір орталықтан жылыту жүйесін реттеу және жөндеу
Шартты жасау кезінде біздің Клиенттеріміз қандай кепілдікке ие болады?
Біздің Шарт объектіні қызмет көрсетуге алғаннан кейін жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмысына «USM Astana» компаниясының жауапкершілігін қарастырады. Біз орындалған жұмыстың сапасына 100% жауапкершілікті аламыз және оң нәтижесіне қол жеткенге дейін жұмысты орындауға дайынбыз.
«USM Astana» компаниясымен бірге қызмет істеу неге тиімді?
Біздің беделіміз және ірі жобаларды ұзақ мерзім бойы жүргізу тәжірибеміз осыған айғақ («Назарбаев Университеті» және еншілес ұйымдары, «University Medical Center» корпоративтік қорының клиникалары, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС сияқты жобалар). Біз қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігін мақтан тұтамыз және кез келген істі басқара аламыз!
Желдету жүйелеріне қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
1) желдеткіш жабдықтардың ішкі және сыртқы бөліктерін тазарту;
2) жылумен жабдықтау жүйесіндегі ақаулықтарды жүйелі тексеру және тестілеу;
3) объектіге бару арқылы апаттық жөндеу;
4) өтінімдерді берудің автоматтандырылған жүйесін қолдану;
5) санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тексеруіне объекті мен құжаттамаларды әзірлеу;
6) желдету жүйесіне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу, атап айтқанда:
Техникалық қызмет көрсету:
- желдету жүйесін реттеу, берілген параметрлерге желдету жүйесінің сәйкестігін бақылау;
- тербелістің болмауын бақылау;
- желдету шахтасында, камерасында және қораптарында ауа өткізгіштерінің тығыз емес жанасуын жою.
Ағымдағы жөндеу:
- желдету жүйесіндегі құбыр желілері мен жылу ауыстырғыштарын шаю;
- құбыр желісінің ақаулы бөліктерін жөндеу, аспалардың ақаулы элементтерін ауыстыру;
- жылу оқшаулауларын жөндеу/ауыстыру;
- майұстағыш тығыздағыштарды ауыстыру;
- мойын тіректерді ауыстыру;
- басқа да жұмыс түрлері.
Ауа баптау жүйелеріне қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
1) ауа баптау жүйесінің ішкі және сыртқы бөліктерін тазарту;
2) жүйе жұмысын жаңылуға жүйелі тексеру және тестілеу;
3) ауа температурасын, тоқты және оқшаулау кедергісінің деңгейін өлшеу;
4) объектіге бару арқылы апаттық жөндеу;
5) өтінімдерді берудің автоматтандырылған жүйесін қолдану;
6) санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тексеруіне объекті мен құжаттамаларды әзірлеу;
7) ауа баптауына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді жүргізу, атап айтқанда:
Техникалық қызмет көрсету:
- қондырғылардың гидравликалық бөліктерінде механикалық зақымдардың бар болуын қарау;
- белгіленген режимде салқындатқыштың жұмысын тексеру;
- ішкі және сыртқы блоктардың құралым тұмшалылығын тексеру;
- салқындатқыштың дренаж жүйесін тексеру;
- жылу ауыстырғыштарының температурасын бақылау;
- ағын және сорылған ауа температурасын бақылау;
- панельдің беттік бөлігінің тазалығын бақылау;
- корпустың тазалығын бақылау;
- сүзгілердің тазалығын бақылау;
- жылу ауыстырғыштардың тазалығын бақылау;
- желдеткіштердің тазалығын бақылау;
- дренаждың ( жүйе мен түп қойма) тазалығын бақылау;
- тербелу деңгейін бақылау;
- салқын агенттің қызуын өлшеу, салқын агенттің артық салқындауын өлшеу, компрессордың картеріндегі май сапасының жағдайы.
Ағымдағы жөндеу:
- салқындатқыштың құрамдас бөліктерін: компрессорды, желдеткішті, фреон айналып жүретін құбыр желілерін ауыстыру;
- фреонды құю немесе ауыстыру.
Ауа баптау жүйелеріне қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
1) ауа баптау жүйесінің ішкі және сыртқы бөліктерін тазарту;
2) жүйе жұмысын жаңылуға жүйелі тексеру және тестілеу;
3) ауа температурасын, тоқты және оқшаулау кедергісінің деңгейін өлшеу;
4) объектіге бару арқылы апаттық жөндеу;
5) өтінімдерді берудің автоматтандырылған жүйесін қолдану;
6) санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тексеруіне объекті мен құжаттамаларды әзірлеу;
7) ауа баптауына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді жүргізу, атап айтқанда: техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді жүргізу
Тоңазытқыш жабдықтарына қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
1) қондырғыларға жылдық, маусымдық және бір реттік техникалық қызмет көрсету;
2) жарамдылық мерзімі өткен компоненттерді жөндеу/ауыстыру;
3) жоспарлы жөндеу жұмыстары;
4) берілген өтінім негізінде салқындату қондырғыларына диагностика жүргізу;
5) объектіге бару арқылы апаттық жөндеу;
6) өтінімдерді берудің автоматтандырылған жүйесін қолдану;
7) салқын агенттің санын бақылау және қажеттілік туындағанда оны қайта толтыру;
8) қажетті құжаттамаларды әзірлеу және жүргізу.
Қазандықты ұстап күту, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу:
- Техникалық қызмет көрсету:
- автоматика және диспетчерлік барлық аспаптарды көзбен қарап шығу;
- барлық бақылау-өлшеу аспаптарын көзбен қарап шығу;
- негізгі технологиялық жабдықтың жұмысын қарап шығу және тексеру;
- суды дайындау жүйесіндегі суға химиялық анализ жасау;
- түрлі режимдегі жанарғы құрылғылардың жұмыс жағдайын және дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
- қазандықтардағы түтіннің тартылуын тексеру;
- жанарғылардағы отынның қысымын тексеру;
- жылу өткізу құбырларын тексеру;
- аппаратура мен жабдықтардың жұмысында туындайтын келеңсіз ақаулықтарды жою;
- тазалық пен тәртіпті сақтау;
- қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу.
- Ағымдағы жөндеу:
- қаптаманы тексеру және жөндеу;
- құбыр желілерінің ақаулы телімдерін ауыстыру;
- жүйелерді гидродинамикалық жуу және қысыммен тексеру.
«USM Astana» ЖШС Жылумен қамтамасыз ету қызметі көрсететін қызметтер
Спинклерлік және дренчерлік өрт сөндіру қызметін күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу;
Өрт сөндіретін көтергіш кранның өртке қарсы су құбыры жүйесін (оның ішінде өртке су себетін түтік құбырлар мен оқпандар) күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу;
Өртке қарсы құбырларды күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
Түтінді аластау жүйелерін күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
Сазтұтқыларды, сүзгілерді тазалау, жылу желісінің (сыртқы жылу желілері) ілмекті арматурасын тексеру.
Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні