Кір жуу қызметтері

  • «USM Astana» компаниясы жеке тұлғалар мен ұйымдарға кір жуу мен үтіктеу бойынша кешенді қызметтерді ұсынады.

    Кір жуу бөлмесі жетекші еуропалық өндірушілердің кір жуатын, сығатын кәсіби автоматтарымен, автоматты кептіргіш барабандарымен жабдықталған, бұл қолайлы баға бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

    Біздің компания ақ және түрлі түсті маталар үшін тиімділігі жоғары кір жуу ұнтақтарын, кондиционерлер мен хош иістендіргіштерді, кез келген кірленуді кетіруге арналған кәсіби химияны пайдаланады. Олардың барлығы жұмсақ және құнтты әрекет етеді, аллергияны болдырмайды.

    Сіздің заттарыңызды тазалау процесін Сіз үшін барынша жеңіл, қолайлы және жайлы жасауға тырысамыз, сондықтан біздің кір жуу қызметіміз бүкіл қала бойынша кірді жуу мен жеткізу қызметтерін ұсынады.

    Заманауи технологиялар, ыңғайлы жұмыс кестесі, тапсырыстарды тез орындау – бұлардың барлығы Сіздің күнделікті әдемі көрінуіңіз үшін жасалады.

    Құрметті клиенттер! Өзіңізге қажет қызметтің мерзімі мен құнын есептеу үшін өтінімді төменде көрсетілген электронды пошта арқылы жіберіңіздер.

    Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

    «USM Astana» ЖШС
    Астана қаласы, Есіл ауданы
    Қабанбай батыр даңғылы, 53
    «Назарбаев Университеті»
    дербес білім беру
    ұйымының аумағы
    E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
    Біздің клиенттер
    • АОО «Назарбаев Университет»
    • Корпоративный фонд «University Medical Center»