«University Service Management» жеке мекемесінің Дирекциясы бекіткен «USM Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) ұйымдық құрылымына сәйкес жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті мамандармен жасақталған қызмет жұмыс істейді, атап айтқанда:
1) Жедел-пайдалану қызметі:
- ауысым/учаске бастықтары;
- жұмыстарды өндіруші, учаске шебері, инженер-құрылысшы (құрылыс-монтаж жұмыстары жөніндегі);
- диспетчерлік қызмет көрсету операторлары;
- ғимараттарды күрделі жөндеу және кешенді қызмет көрсету бойынша 2-3 санаттағы қызметкерлер;
- 2-3 санаттағы ағаш ұсталары;
2) Электрмен жабдықтау және автоматтандырылған басқару жүйелерінің (АБЖ) қызметі:
- инженерлер (электрик), техниктер (электрик);
- автоматтандырылған басқару жүйелері жөніндегі инженерлер;
- автоматтандыру және БӨА жөніндегі 4-7 санаттағы слесарлар;
- электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 3-5 санаттағы электромонтерлер;
- электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі 3-5 санаттағы слесарь-электриктер;
3) Жылу энергиясымен жабдықтау қызметі:
- инженерлер (жылу энергетик);
- инженерлер (сумен жабдықтау және кәріз жөніндегі);
- инженерлер (жылу, желдету және ауа баптау жөніндегі);
- инженерлер (желдету жөніндегі);
- техниктер (қазандыққа қызмет көрсету жөніндегі);
- лаборанттар (химик-аналитик);
- 5-санаттағы қазандық операторлары;
- желдету және ауа баптау жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 5-санаттағы слесарлар;
- 4-санаттағы слесарь-сантехниктер;
- 4-5 санаттағы электр және газ дәнекерлеушілері;
4) Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету қызметі:
- жөндеу жөніндегі инженер;
- техник (жөндеу жөніндегі);
- 5-санаттағы слесарь-жөндеушілер;
5) Тогы әлсіз қауіпсіздік жүйелерінің қызметі:
- инженерлер (тогы әлсіз жүйелер);
- техниктер (тогы әлсіз жүйелер);
6) Көлік қызметі:
- механик;
- 4-5 санаттағы автомобиль жүргізушілері;
- 5-санаттағы тракторшылар;
7) Тұрғын/тұрғын емес үй-жайлар қызметі:
- флорист;
- 2-санаттағы бағбан;
- кір жуу орнының меңгерушісі;
- арнайы киімді жуу мен жөндеу жөніндегі 2-санаттағы қызметкерлер;
8) Бақылау-өткізу қызметі:
- бақылау-өткізу қызметінің кезекшілері;
9) Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметі:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер;
- инженер-экологтар;
- инженер (өрт қауіпсіздігі жөніндегі);
- көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі маман;
- диспетчерлік қызметтің операторлары (өрт сөндіру бекеті);
10) Тауар-материалдық құндылықтарды сақтау және есепке алу қызметі:
- қойма меңгерушілері.