«USM Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) 2014 жылдың шілде айында құрылды.
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Құрылтайшысы болып табылатын, 2010 жылғы тамызда құрылған «University Service Management» жеке мекемесі Серіктестіктің Жалғыз қатысушысы болып табылады.
Серіктестіктің негізгі міндеттері «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының компаниялар тобы ұйымдарының ғимараттары мен іргелес аумағына, сондай-ақ Астана қаласының ірі компанияларына кешенді, эксплуатациялық және ұстау қызметтерін, ғимараттар инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметтерін көрсету болып табылады.
Серіктестік 800-ден астам қызметкерлердің саны бар ірі жұмыс берушілердің бірі болып саналады. Қызметкерлердің кең тәжірибесі мен жоғары біліктілігі Серіктестікке мынадай кәсіби қызметтерді орындау бойынша міндеттерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді:
• ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
• инженерлік инфрақұрылымды, мүлікті, көлік, техникалық және басқа құралдарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
• кір жуу және басқа да тұрмыстық қызметтер көрсету;
• тұрмыстық қатты қалдықтар мен қарды шығару жұмыстарын қамтамасыз ету;
• лифттерге техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
• аумақтарды абаттандыруды қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру.
Жалпы қызмет көрсету алаңы 579 мыңнан астам шаршы метрді және жақын маңайдағы аумаққа қызмет көрсету алаңы 674 астам мың шаршы метрді құрайды.