Тогы әлсіз қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсету

Тогы әлсіз қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсету

«USM Astana» компаниясы тогы әлсіз жүйелер мен инженерлік жабдықты автоматтандыру жүйелерін жобалау, монтаждау және техникалық қызмет көрсету бойынша толық кешенді жұмыстарды орындайды. Кешенді тәсіл оңтайлы шешімдерді қабылдау мүмкіндігін береді.

    • Автоматты өрт сөндіру дабылы жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Аэрозольді және газбен өрт сөндіру жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Дыбыстық және сөзбен хабарландыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Кабельді теледидар жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Палаталық дабыл беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Ведомстволық күзет дабылы жабдықтарына техникалық қызмет көрсету
    • Ішкі телефон байланысы жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Сағат жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Бейнедомофон жүйесіне техникалық қызмет көрсету
    • Кіру рұқсатын бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету

    Тогы әлсіз жүйелер – бұл түрлі инженерлік коммуникациялар, жұмыста қуаты аз токты пайдаланатын кернеуі төмен коммуникациялық және автоматтандырылған жүйелердің барлық түрлері. Тогы әлсіз жүйелердің мақсаты адам өмірінің жағдайын жақсартатын, сондай-ақ нақты мәселелерді шешуге көмектесетін нақты құрылғыларды коректендіру болып табылады.

     Бүгінгі күні тогы әлсіз жүйелер адамдардың өмір сүру жағдайын барынша қамтамасыз ету үшін өте қажет. Кез келген заманауи ғимарат, тұрғын үй кешені, офис орталығы немесе зауыт болсын ақпараттық тогы әлсіз жүйелер, сондай-ақ теледидар, телефония, интернет, дыбыстық хабарландыру жүйелері, диспетчерлік, инженерлік жабдықтарды бақылау және басқару жүйелері үшін негіз болып табылады.

    Тогы әлсіз жүйелердің негізгі түрлері:

    • Құрылымдалған кабель жүйесі (ҚКЖ)
    • Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ)
    • Телефон желісі
    • Қауіпсіздік және бейне бақылау жүйелері
    • Күзет-өрт сөндіру дабылы (КӨД)
    • Автоматты өрт сөндіру жүйелері (су, көбік, газ, ұнтақ)
    • Кіру рұқсатын бақылау жүйелері
    • Эфирлі, кабельді, спутниктік теледидар жүйелері
    • Домофон және бейнедомофон
    • Дауыс зорайтқыш және диспетчерлік байланыс жүйелері
    • Жеке жүйелерді бірыңғай жүйеге интеграциялау (АӨД, КББЖ, ББЖ, АГӨС)

    «USM Astana» өз клиенттеріне мемлекеттік нормативтерге (пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, тогы әлсіз жүйелерді орнату қағидалары, өрт қауіпсіздігі ережелері, автоматтандырылған жүйелерді техникалық пайдалану ережелері және басқалар), жүйелерге техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес сапасы жоғары тогы әлісіз жүйелерді ұсынады.

     

    Біздің ұйым тогы әлісіз жүйелерді жобалау, монтаждау және техникалық қызмет көрсету бойынша толық кешенді жұмыстарды орындайды. Кешенді іс-шаралар жұмыстар мен объектілердің ерекшелігін назарға ала отырып, оңтайлы шешімдерді әзірлеу мүмкіндігін ұсынады, бұл өз кезегінде бағаны төмендетеді. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет жоғары кәсіби деңгейде орындалады және тогы әлсіз жүйелердің сапалы жұмысына кепілдік беріледі. Жергілікті есептеу және телефон желілерінің қалыпты жұмыс істеуіне, теледидар мен радиобайланыстың, палаталық дабыл берудің жүз пайыздық қабылдауы және бейне бақылау жүйесі мен КӨД жұмысқа қабілеттілігі жоғары кәсіби тәжірибені талап етеді

Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

«USM Astana» ЖШС
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні
Our clients
  • АОО «Назарбаев Университет»
  • Корпоративный фонд «University Medical Center»