Электрмен жабдықтау жүйелері мен автоматтандырылған басқару жүйелеріне (АБЖ) қызмет көрсету

Электрмен жабдықтау жүйелері мен автоматтандырылған басқару жүйелеріне (АБЖ) қызмет көрсету

«USM Astana» ЖШС электрмен жабдықтау жүйесі мен автоматтандырылған басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсетеді, сонымен қатар басқа да қызметтер атқарады

Бүгінгі күні объектіні электр энергиясымен тұрақты түрде жабдықтау – қалыпты тұрмыс жағдайларын қалыптастыруға және офистер мен өндіріс орындарының тиянақты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті фактор. Сонымен қатар, электр энергиясымен жабдықтаудағы іркілістер келеңсіз жағдайларды тудыруы мүмкін бірнеше ғимараттар, атап айтқанда медициналық мекемелер, білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдар бар. Электрмен жабдықтау жүйесін жақсы жағдайда сақтау үшін дұрыс пайдалануды және жүйелі түрде сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету керек. Қызмет көрсету бойынша сервистік қызметтер желілердің электр қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр энергиясының тұтынуын төмендету және энергия шығындарын тиімді ету мәселелерін шешуге көмектеседі.

«USM Astana» компаниясы өз клиенттерін қазақстандық нормативтерге  (электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері, электр қондырғыларды орнату ережелері, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары және басқалар), электрмен жабдықтау жүйесіне техникалық қызмет көрсету регламентіне және тапсырыс берушінің электр құрылғыларына қызмет көрсету бойынша жоспар графигіне сәйкес электрмен жабдықтау жүйелеріне жоғары сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

Электр жабдықтау желілері әртүрлі элементтерден тұратын күрделі инженерлік жүйе ретінде анықталады, атап айтқанда:

  • жарықтандыру қондырғылары;
  • үздіксіз коректендіру жүйелері;
  • кепілдікті электр жабдықтау;
  • жерге тұйықтау;
  • кірме-тарату құрылғылары;
  • электр генераторлары;
  • автоматты басқару жүйесі;
  • басқа да функционалдық элементтер.

Қажетті жағдайда осындай жарақтандыру кешендерін қолдау электр жабдықтау қызметтерін көрсету мен заманауи техниканы пайдалану қызметтерін орындайтын жоғарғы білікті мамандарды талап етеді.

Біздің компаниямыз:

- Электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру жүйелеріне, оның ішінде автоматты басқару жүйелеріне;

- Қуатты электр тізбектерін және электрмен жарықтандыру тізбектеріне;

- Электрмен жылыту және қыздыру құрылғыларына;

- Электр қалқандары мен қорғау коммутациялық құрылғыларына;

- Электр энергиясын тұрақтандыруға арналған құрылғыларға қызмет көрсетеді.

«USM Astana» құрылыс ғимараттарын күтіп ұстау қызметі электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді және бірнеше мәселелерді шешетін басқа да сервистердің орындалуын қамтиды. Мысалы, жүйенің зақымдануын дұрыстау және оның тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ету, апат болған жағдайда арнайы қорғаныс механизмдерін есептеу және жүйенің энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану деңгейін жоғарылату.

 

Біз көрсететін қызметтер:

- Алдын ала жоспарлы жұмыстар;

- Регламентке сәйкес электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;

- Электрмен жабдықтау жүйелерін модернизациялау, ескі желілерді демонтаждау;

- Іске қосу-жөндеу  жұмыстары;

- Электрді пайдалану мәселелері бойынша Клиенттерге ақпараттық-техникалық қолдау көрсету.

Алдын ала жоспарлы жұмыстар

«USM Astana» қызметкерлері электрмен жабдықтау жүйелерінің жағдайын анықтап, мезгілінде ақауларды айқындауға мүмкіндік беретін алдын ала жоспарлы  жұмыстарды жоғары тиімді түрде жүзеге асырады. Осы жұмыстарға жабдықтарды көзбен көру, электрмен жабдықтау жүйелерінің элементтерін тазарту, тексеру және бақылау жұмыстарын орындау жатады:

- тұйықтау қондырғылары;

- электр желілерінің түйіспелері мен автоматты сөндіргіштердің, кабельдердің ұштарын оқшаулау;

- тарату жабдықтарының жалпы жүктемелерге сәйкестігін тексеру;

- түйіскен және бекіткен жерлердің, құлыптардың және есіктің тығыздауыштарының дұрыстығы;

- қалқанды, электр өлшеу аспаптары мен дабыл арматураларының жағдайы;

- жабдықтың қызу деңгейі;

- қоршаулардың, сақтандыру  плакаттарының және таңбалаудың бар болуы.

Электр жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету

Электр шаруашылығына техникалық қызмет көрсету инженерлік жүйелерге қызмет көрсетудің ең күрделі, еңбекті көп қажетсінетін және жауапты бөлігі. Қызмет көрсету сапасы электр жабдықтау желілерінің жұмысына және олардың тұрақты қызмет етуіне, орталық қайнар көзінен объектілерге электр энергиясын үздіксіз беруіне, тұрмыстық, еңбек және жалпы өндірістік жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты болады.

Электр жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

- электр сымдар жүйесіндегі ақауларды жою;

- жөндеу немесе істен шыққан элементтерді ауыстыру (шамдар, сөндіргіш, сақтандырғыш, жарықтандыру арматурасы);

- электр жабдықтардың пайдаланылуын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ету;

- электр жабдықтау жүйелері жұмыстарының көрсеткіштерін өлшеу, желілер жұмыстарына бақылау сынақтарын жүргізу;

- апат жағдайларын шұғыл жою, апаттық жөндеу;

- жүйелердің электр қауіпсіздігін тестілеу;

- іске қосу және коммутациялық аппаратураны жөндеу;

- автоматика және электрмен жабдықтау жүйелерін қашықтықтан басқару жұмыстарындағы ақауларды жою;

- жедел құжаттаманы жүргізу;

- орындалған жұмыстар туралы айлық есептерді ұсыну;

- электр желілерінің жағдайын қадағалау;

- бақылау-өлшеу аспаптардың, коммуникациялық аппараттардың жұмыстарына бақылау, тексеру жүргізу;

- қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар өткізу, журналдарды жүргізу;

- трансформаторларды пайдалану және техникалық үй-жайларды таза ұстау;

- кесте бойынша электр жабдықтарына уақытылы техникалық қызмет көрсету;

- электр жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарьдің ауысымдық тексеріп шығуы.

Көрсетілген іс-шаралардың әрбір сәтте орындалуы қажетті бекітілген құжаттармен жүргізіледі.

Апаттық немесе бір реттік жұмыстар бойынша іс-шараларды орындау, сондай-ақ жүйелерге кешенді қызмет жүргізу үшін келісімшарт жасау үшін Сіздің «USM Astana» қызметкерлеріне жүгіну мүмкіндігіне ие боласыз.

«USM Astana» ЖШС-тің мамандары «Электр қондырғыларын орнату қағидалары», «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын сақтай отырып, электр шаруашылығын ұйымдастыру мен қызмет көрсету саласында үлкен тәжірибе мен жоғарғы біліктілікке ие болып отыр.

Біздің беделіміз және ірі жобаларды ұзақ мерзім бойы жүргізу тәжірибеміз осыған айғақ («Назарбаев Университеті» және оның еншілес ұйымдары, «University Medical Center» корпоративтік қорының клиникалары, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС сияқты жобалар). Біз қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігін мақтан тұтамыз және кез келген істі басқара аламыз!

Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

«USM Astana» ЖШС
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні
Our clients
  • АОО «Назарбаев Университет»
  • Корпоративный фонд «University Medical Center»