Ғимараттарға және оған іргелес аумаққа кешенді, эксплуатациялық қызмет көрсету
«USM Astana» компаниясы жылжымайтын объектілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кешенді жұмыстар ұсынады
Қазіргі құрылыс кешендері
- су және кәріз жүйесімен
- газ құбырымен және жасанды жылыту жүйелерімен
- жарықпен және желдеткіштермен
- негізгі коммуникациялық технологиялармен
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылғыларымен жабдықталған жүйелер болып табылады.
Осындай жүйелердің көпшілігі технологиялар мен сервис тәсілдері жағынан өзгеше жеке сипаттарға ие болады. Сондай-ақ кез келген жүйелерді күтіп ұстау кәсіпқойлар мен жоғары деңгейдегі жарақтандыруды талап етеді. Демек, осындай жүйелер мен жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында меншік иелері алдында қажетті кадрларды жұмысқа жалдау мәселесі туындайды.
Әрине, объектілердің жұмысқа қабілеттілігін қолдау бұл ақаулықтар мен сынған жерлерді дереу жөндеуді білдіреді, сонымен қатар ұдайы техникалық профилактика жүргізілетін жабдықтардың апатқа ұшырау мүмкіндігі күн сайын азайып келеді. Сондай-ақ клиенттік техникалық қызмет көрсету шығындарды тиімді есептеуге көмектеседі. Біржолғы жөндеуге шығыстарға қатысты айтсақ, оның құны жиі құбылып тұрады және оның өзі нақты мәселенің салдарын болдырмайды, алайда оның негізі шешілмей қалады, бұл бұзушылықтың қайталану мүмкіндігін төмендетуге ықпал етпейді. Барлық іркілістердің алдын алу мүмкін емес, алайда жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар сауатты, қымбат емес және жедел жөндеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Осыған орай коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісі мен тұрғын үй қорының жұмысқа қабілеттілігін қолдау бойынша технологиялық операциялар мен ұйымдық іс-әрекеттер кешеніне қаржы ресурстарын бөлу өзінің тиімділігін дәлелдейді.
«USM Astana» ЖШС-тың негізгі мақсаты «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының компаниялар тобы ұйымдарына және оларға іргелес аумақтарға, сондай-ақ Астана қаласының ірі компанияларына кешенді, эксплуатациялық және пайдалану қызметтерін, ғимараттар инфрақұрылымына техникалық қызмет пен пайдалану қызметтерін көрсету болып табылады.
«USM Astana» ЖШС өзінің тапсырыс берушілеріне ғимараттар мен іргелес аумақтарға кешенді, эксплуатациялық қызмет көрсету мен пайдалану қызметтерін көрсетеді, осы қызметтерді білікті мамандар командасы жүзеге асырады.
Объектілерге кешенді қызмет көрсету қызметтеріне мыналар кіреді:
- Күнделікті кешенді техникалық қызмет көрсету, атап айтқанда:
- инженерлік жүйелер мен желілердің қызмет етуін қадағалау
- ғимарат элементтерінің және оның инженерлік жүйелерінің жұмыс режимінің белгіленген параметрлерінің қалыпты жағдайына қолдау көрсету қызметтері
- жабдықтарды баптау қызметтері
- Жоспарлы алдын алу және регламенттелген жұмыстар
- белгіленген және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру
- ғимарат элементтерінің және оның инженерлік құрылымның жұмыс режимінің белгіленген параметрлерінің қалыпты жағдайына қолдау көрсету бойынша кешенді жұмыстар
- Ағымдағы жөндеу мынадай қызметтерді қамтиды:
- ақаулықтарды жою
- объектілер мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің материалдық тозуын төмендету
- Тағайындалған техникалық-эксплуатациялық нормативтерді қолдау
- Үй-жайларды кәсіби жинау
- Құрылыс жұмыстарынан кейін жинау
- Клининг
Басқа сервистерге сілтемелерді белсенді ету
Үй-жайларды жөндеу және әрлеу;
Ғимараттар мен аумақты тазалау;
Жүк тиеу-түсіру жұмыстары (ЖТТЖ);
Желдету жүйелерін зарарсыздандыру және тазалау;
Кір жуу қызметтері;
Ғимараттарды және оған іргелес аумақтарды күтіп ұстау мен қызмет көрсету бойынша басқа да қызметтер
Одан басқа, объектілерге кешенді қызмет көрсету бойынша қызметтер мынадай нормативтік іс-шараларды қамтиды:
- техникалық құжаттамаларды жүргізу
- құрылыс ғимараттарын пайдалану туралы заңдарды орындау
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету шеңберінде жабдықтар мен жүйелердің үздіксіз жұмысын сақтау жүзеге асырылады:( басқа сервистерге сілтемені белсенді ету)
электрмен жабдықтау жүйелері және автоматтандырылған басқару жүйелері
жылу/жылумен қамтамасыз ету жүйелері
желдету және ауа баптау жүйелері
тоңазытқыш жабдықтары
сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
қазандық жабдықтары мен басқа да жабдықтар
қауіпсіздіктің тогы әлсіз жүйелері
өнеркәсіптік тоңазытқыштарды, кір жуатын жабдықтарды және ас әзірлеу бөліктерінің жабдықтарын күтіп ұстау және жөндеу
Ғимараттарға және оған іргелес аумақтарға кешенді, эксплуатациялық қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша қызметтеріміздің құны туралы бағалар анықтамалығынан танысуға болады, алайда қызметтердің түпкілікті құны Клиенттің объектісіне біздің мамандарымыз барған соң және жұмыс пен қызмет көлемін нақтылағаннан кейін жеке белгіленетін болады.
Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні