Желдету жүйесін тазалау және дезинфекциялау

Санаттар: Сервистер, Фото Түйін сөздер: Құрылыс жұмыстары
Желдету жүйесін тазалау және дезинфекциялау

Біз Астанада желдету жүйесін тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргіземіз, Сіздер жұмыстардың кең ауқымын біздің білікті мамандарымызға сеніп тапсыра аласыздар

Адамдардың жай-күйі өздерінің көп уақытын өткізетін орындардағы микроклиматқа байланысты болады. Үй-жайдың, әсіресе, шағын кеңістіктегі климат желдету жүйесіне тікелей байланысты. Осындай жүйелер болмаған жағдайда, адам денесінің жұмыс қабілеті бұзыла  бастайды.

Желдету жүйесі ластанған болса, басты қатер содан болуы мүмкін, өйткені ол әр түрлі зиянды микроорганизимдердің тіршілік ортасына, сондай-ақ осындай организмдерді тарататын ортаға   айналуы мүмкін.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ МИНИСТРІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 9 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 758 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАЛАУДЫ НЫСАННЫҢ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЫЛЫНА 1 НЕМЕСЕ 2 РЕТ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ. 

 USM  Astana ЖШС қызметкерлері Сізге  қоршаған ортаға зиянын тигізбей ең жоғарғы қолайлы жағдайлар жасай отырып қызмет көрсетуді жүзеге асыруға көмектеседі. Ластанудың сипаты мен деңгейін анықтау бастапқы кезең болып табылады, анықтауға бейнекамерамен жарақтандырылған  және бару барынша қиын болатын жерлерден өтетін арнайы робот жіберіледі.  Сондай-ақ  Санитариялық – эпидемиялық  қызмет зертханаларында зерттеулер жүргізу үшін материалдар алынады.

Содан кейін қызметкерлер тазартудың таңдаулы әдістерін және  қажетті  препараттарды анықтау үшін бейнематериалдар мен нәтижелерді мұқият тексеруден өткізеді.

Келесі кезең – тазарту рәсімдеріне кірісу үшін клиенттермен бірге тазартатын жердің көлемін анықтайды. Тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізілген қызметтің нәтижелілігіне баға беріледі. Бұзылу анықталса, жақсы нәтижелер алу мақсатында оларды жою жүргізіледі. Соңғы кезең – кемшіліктерді айқындау, оларды жою процесі, және қандай нәтиже алынғаны туралы егжей-тегжейлі деректерді қызмет көрсету журналына  жазу.

 Біздің жұмыста сүзу жүйесі пайдаланылады

ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯ  МЫНАЛАРДЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ:

  • Үй-жайларда ауа аналысының төмендеуінің;
  • Ауаның ластану деңгейіне байланысты жұмыс қабілетін 25- 45 % азаюының ( Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес)
  • қызметкерлердің ауруының 30% өсуінің (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес)
  • Өрт және жарылыс қаупі жағдайының бірнеше есе өсуінің
  • Заң бұзушылықтың, жазалаудың және де қызметті тоқтату мүмкіндігінің.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • USM  Astana  ЖШС жаңа шетел технологиялары мен тәжірибесіне сүйенеді.               
  • Өз нарығында көшбасшы шетел ұйымдарының арнайы  жабдықтарын пайдаланады.           
  • Сыналған және сертификаты бар препараттарды ғана пайдаланады.
  • Қызметкерлер әрдайым дайындықтан өтеді.
  • Орындалған тазарту және дезинфекция жұмыстарының нәтижелері бойынша бірқатар құжаттар беріледі (тексеру актісі, дезинфекцияға дейін және кейін жүйелердің беткі жағының микробиологиялық тексеру хаттамалары, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дезинфекция жүргізу жұмыстарының журналы)                

Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

«USM Astana» ЖШС
Астана қаласы, Есіл ауданы
Қабанбай батыр даңғылы, 53
«Назарбаев Университеті»
дербес білім беру
ұйымының аумағы
E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
Tel.: +7 (7172) 70-61-29
+7 (702) 911 14 46
Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
Сб-Жк демалыс күні
Наши клиенты
  • АОО «Назарбаев Университет»
  • Корпоративный фонд «University Medical Center»