Елбасы ҚР Парламенті VI шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
-
Мемлекет басшысы Парламенттің VI шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
Президент жаңарған құраммен жұмысқа кіріскен мәжілісмендерге сәттілік тілеп, бірқатар міндеттер жүктеді.
«Жаңа Парламент күрделі кезеңде іске кіріскелі тұр. Шиеленіскен жаһандық дағдарыс Қазақстанға да әсер етпей қоймады. Мұндай жауапты шақта халықтың депутаттарға артқан сенімі мол. Бұл осы сайлауда айқын көрініс тапты. Тәуелсіз Қазақстан заңды баламалы әрі ашық түрде сайлау өткізе алатынын әлемге дәлелдеді. Сондықтан елімізді дамуға жетелейтін ауқымды істерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету депутаттарға жүктеліп отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚР Президентінің алқалы жиында сөйлеген сөзін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.