Үй-жайларды жөндеу және әрлеу

Құрылды: 20.01.2016 | 09:26
Жаңартты: 07.06.2018 | 10:50
Санаттар: Сервистер, Фото Түйін сөздер: Құрылыс жұмыстары
  • Біз Астанада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

    Үй-жайларды жөндеу және әрлеу күрделі үдеріс болып табылады, олардың құны тиісінше белгілі клиенттің талаптарына сәйкес анықталады. Бүгінгі күні офистерді және басқа да тұрғын емес объектілерді жөндеу жұмыстарын, құрылыс-әрлеу қызметтерін және оған қоса, толық аяқталған жөндеулер бойынша жұмыстарды ұсынатын көптеген әртүрлі компаниялар бар. Дегенмен, жөндеу қызметтері саласындағы астаналық нарық қатаң бәсекелестікке ие болып отыр, әдетте тапсырыс берушілер негізінен осы салада нағыз маман болып табылатын, сыналған және сенімді мердігерлермен жұмыс істейді.  

    «USM Astana» ЖШС офистерді, қоймалық және өндірістік үй-жайларды жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрлерін: ұсақ косметикалық жөндеуден бастап толығымен аяқталған элиталы әрлеу жұмыстарына дейін орындайды. «USM Astana» ЖШС мамандары орындайтын пәтерлерді жөндеу бойынша барлық жұмыстарға кепілдік беріледі. Компанияның веб-сайтында жөндеу қызметтерінің болжамды бағалары ұсынылған, бірақ нақты бағалар мен арнайы жеңілдіктерді белгілеу үшін үй-жайларды қарау керек.

    «USM Astana» ЖШС қызметінің маңызды бағытының бірі – үй-жайларды жөндеу. Егер Сізге жоғары сапалы жөндеу қызметі қажет болса, онда біз Сіздің таңдауыңыз болуға тиіспіз.

    Біздің қызметтеріміз:

    • Косметикалық жөндеу – Сіздің интерьеріңізді жаңартудың және жақсартудың қымбат емес және жылдам тәсілі;
    • Үй-жайлар мен офистерді күрделі жөндеу – барлық немесе кейбір инженерлік жүйелерді толық ауыстыруды, қажет болған жағдайда үй-жайларды қайта жоспарлауды, жеке дизайн жобасы бойынша сапалы жөндеу жұмыстарын қарастырады.
    • Жөндеу-әрлеу жұмыстарының жеке түрлерін орындау.

    Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

    «USM Astana» ЖШС
    Астана қаласы, Есіл ауданы
    Қабанбай батыр даңғылы, 53
    «Назарбаев Университеті»
    дербес білім беру
    ұйымының аумағы
    E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
    Біздің клиенттер
    • АОО «Назарбаев Университет»
    • Корпоративный фонд «University Medical Center»