Столяр-ағаш шеберінің жұмыстары

  • «USM Astana» ЖШС кәсіби столярлар және ағаш шеберлері командасы заманауи жабдықтарды және ағаш метериалдармен жұмыс істеудің зор тәжірибесін пайдалана отырып столярлық жұмыстарды ең жоғары деңгейде орындайды

    «USM Astana» ЖШС  кәсіби столярлар және ағаш шеберлері командасы заманауи жабдықтарды және ағаш метериалдармен жұмыс істеудің зор тәжірибесін пайдалана отырып столярлық жұмыстарды ең жоғары деңгейде орындайды.

    • Еден жабынын лакпен қорғау (паркет едендер үшін)
    • Терезе жақтауларын ашу тетіктерін ауыстыру
    • Жиһазды жинау
    • Терезе мен есік  жақтауларын реттеу және нығыздау
    • Алдын ала жоспарлы жөндеуге сәйкес  ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы ұсақ жөндеу (қабырғаларды, едендерді әрлеу жұмыстары, есік-терезелерді жөндеу, сырлау, гипсакартон бойынша жұмыстар , керамогранит тақталарын ішінара қалау бойынша жұмыстар және т.б.)

    Заманауи құрылыс материалдарының молдығына қарамастан, экологиялылығы, мінсіз эстетикасы, табиғи әсемдігі мен құрылымының байлығы бойынша ағаш метриалдардан жасалған бұйымдарға тең келетіні жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта ағаш шеберіне деген сұраныс бұрын соңды болып көрген емес, ал Астанады жақсы ағаш шеберін табу үлкен проблема. Әдемі төселген паркет немесе табиғи тақта, дұрыс орнатылған және реттелген есіктер, мінсіз құрастырылған жиһаз — осындай ұсақ-түйектер офисте өнімді жұмыс істеу үшін жайлы жағдайлар жасайды.

    «USM Astana» ЖШС  кәсіби столярлар және ағаш шеберлері командасы заманауи жабдықтарды және ағаш метериалдармен жұмыс істеудің зор тәжірибесін пайдалана отырып столярлық жұмыстарды ең жоғары деңгейде орындайды. Ағаш шебері орындайтын негізгі жұмыстардың арасында —  ағаш материалды жону, кесу, аралау, бұрғылау, тесу, сүргілеу, жылтырату жұмыстары бар. Біздің компания қызметтерінің тізбесінде тапсырыс берушінің аумағында жүргізілетін столяр-ағаш шебері қызметінің кең ауқымы ұсынылған. Тізбеде жиһазға, сондай-ақ есік-терезеге жүргізілетін жұмыстардың көптеген түрлері қамтылған.

    Столяр жұмысы персоналдың біліктілігі мен ұқыптылығына, сондай-ақ қолданылатын аспаптар мен жұмсалатын материалдардың сапасына жоғары талаптар қояды. Біздің агенттіктің мамандары столяр бұйымдарының ұзақ мерзім қызмет етуіне кепілдік беретін столярлық жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті. Біздің столярларымыз қолданатын аспаптар, тура столяр жұмыстарына арналған және белгілі фирмалар жасаған әрі әрдайым жақсы техникалық қалпында ұсталады және сақталады.  

    Жиһазға қатысты айтатын болсақ,  біздің агенттіктің мамандарына тең келетіні жоқ, мысалы, көшкен кезде  — олар сіздің тақта және жұмсақ жиһазыңызды бөлшектейді және буып орайды, жаңа орында құрастырып береді. Бұдан басқа, біздің столярларымыздың жиһаздың жаңасын құрастыруда және пайдалануда болғанын жөндеуде бай  тәжірибесі бар, олар ескі фурнитураларды жаңасымен ауыстыруға көмектеседі.

    Біздің столярларымыз есіктерді және терезелерді жөндеу кезінде жүйелі тәсілді ұстанады – мысалы, сіздің құлпыңызды ауыстырған ағаш шебері есіктің ілмектерін ауыстыруға немесе реттеуге кеңес береді, есік пен терезенің ұзақ мерзім қызмет етуі үшін не істеу керектігін айтып береді. Бұған қоса, «USM Astana» ЖШС столярлары мен ағаш шеберлері фирмалық аспаптар мен сапалы құрамдауыштарды пайдалана отырып, тапсырыс берушінің аумағында ұқыпты әрі жылдам жұмыс істеп, ең қиын жұмыстарды сапалы орындайды, үйілген қалдықтарды өзінен кейін  қалдырмайды.

    «USM Astana» ЖШС сізге қызметтердің кең ауқымын ұсынады:

    • ГКТ-дан жасалған аспалы төбені монтаждау
    • Тақтайлы төбені монтаждау
    • Вагонкадан жасалған қаңқалы төбені  монтаждау
    • Қабырғаларды қабырға панелдерімен әрлеу
    • Қабырғаларды вагонкамен қаптау
    • Қабырғаларды гипсокартонмен (қаңқаман) қаптау
    • Гипсокартоннан аралық қабырғалар орнату
    • Ойықтарды гипсокартонмен әрлеу
    • ГКТ-дан сантехникалық шкаф жасау
    • Терезе асты жақтауын орнату
    • Тақтайлы еден төсеу (уақытша схема бойынша)
    • Белдіктерді монтаждау
    • Фанера төсеу
    • Паркет тақта төсеу
    • Ламинат төсеу
    • Линолеум төсеу
    • Ковролан төсеу
    • Терезенің шынысын ауыстыру
    • Есіктің шынысын ауыстыру
    • Терезе топтамасын (ағаш) монтаждау
    • ПВХ терезе топтамасын  монтаждау
    • Терезе асты жақтаулары мен қабырғаларын орнату
    • Есіктерді орнату
    • Құлыпты ойып орнату
    • Құлыпты ауыстыру
    • Металл есіктің құлпын ауыстыру
    • Есікті қопармай құлыптың беткі жабынын ауыстыру
    • Сыртқы жақтаулар орнату
    • Ішкі жақтауларды орнату
    • Есікке сәндік үлдір желімдеу
    • Ағаш есікті қаптау
    • Металл есікті қаптау
    • Есікті жылыту
    • Пластик плинтус орнату
    • Ағаш плинтус орнату
    • Интерьер заттарын орнату

    Столярлық-ағаш шебері жұмыстарына «USM Astana» ЖШС-ке тапсырыс беріп, Сіз проблемаңызды сол жерде жылдам, сапалы әрі ұқыпты шешетін жоғары класты маманға кепілді қол жеткізе аласыз.

    Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

    «USM Astana» ЖШС
    Астана қаласы, Есіл ауданы
    Қабанбай батыр даңғылы, 53
    «Назарбаев Университеті»
    дербес білім беру
    ұйымының аумағы
    E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
    Біздің клиенттер
    • АОО «Назарбаев Университет»
    • Корпоративный фонд «University Medical Center»