Жасыл желектерді күтіп баптау

  • Жасыл желектерді күтіп баптау қызметі жердің меншік иелері, мемлекеттік мекемелер мен қалалық тұрғын үй кешендерінің өкілдері арасында айтарлықтай сұранысқа ие.

    Жоғары сапалы осындай қызметтерді көрсету аумақтарды таза және әдемі түрінде ұстауға септігін тигізеді.

    Осындай сервис бір қатар жұмыстарды қамтиды, атап айтқанда:

    - жер қазу жұмыстары (қайта қазу, гүлбақшаларды қалыптастыру, ағаш пен бұталар астына шұңқыр қазу, және т.с.с.);

    - жүйелі түрде құнарландыру және тыңайтқыш беру арқылы топырақ құрамын жақсарту;

    - ағаштар мен бұталарды отырғызу;

    - біржылдық және көпжылдық гүлдерді егу;

    - гүлзарларды жайластыру;

    - гүлзарларды қырқу;

    - жеміс ағаштары мен жидек бұталарын формаға келтіріп қырқу;

    - ағаштар мен бұталарды санитарлық қырқу;

    - өсімдіктерді суару;

    - өсімдіктерді зиянды жәндіктерден өңдеу;

    - дезинфекциялау және дератизациялау;

    - шабындық шөптерді тығыздау, ойлы-қырлылығын жою және ылғалдың булануын азайту мақсатында жабындау;

    - гүлзарларды тарау;

    - гүлзарлардың желдетілуі және топырақ қабатын желдетуге арналған басқа да шаралар;

    - арамшөптермен күресу;

    - жабайы өсімдіктерді жою;

    - ағаштарды ақтау;

    - өсімдіктер мен гүлзарларды емдеу;

    - жылу сүйгіш өсімдіктерді, гүлзарларды және жас көшеттерді қыс мезгіліне жабу;

    - қыста ағаш бұтақтарының сынуын болдырмау мақсатында жабысқан қарды жою;

    - ірі қоқыстарды, түскен жапырақтар мен жемістерді жинау;

    - тыңайтқыш үйіндісін қалыптастыру;

    - жер телімінен қоқысты шығару.

    Жасыл желектерді күтіп баптау жұмыстарын осы сервис бойынша қызмет көрсететін тәжірибелі мамандар орындайды. Бұл ретте осындай жұмыстар кешенін іске асыруды өз міндетіне алатын ұйымдардың қызметтерін  пайдаланған жақсы.

     Астана қаласында өсімдіктерге күтім бойынша сервисті ұсынатын «USM Astana» компаниясының қызметтерін пайдалануға ұсынамыз.

    Жасыл желектерді күтіп баптау қызметі жақсы нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жаңа жабдықтарды қолдану арқылы орындалады.

    Сервистеріміздің бағасын бағалар анықтамалығынан танысуыңызға болады, алайда түпкілікті баға сол жерге агроном барғаннан кейін және қызметтің толық мөлшерін нақтылағаннан кейін анықталады.

    Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:

    «USM Astana» ЖШС
    Астана қаласы, Есіл ауданы
    Қабанбай батыр даңғылы, 53
    «Назарбаев Университеті»
    дербес білім беру
    ұйымының аумағы
    E-mail: usmcomments@nu.edu.kz
    Tel.: +7 (7172) 70-61-29
    +7 (702) 911 14 46
    Жұмыс уақыты: Дс-Жм 8:30 - 17:30
    Сб-Жк демалыс күні
    Біздің клиенттер
    • АОО «Назарбаев Университет»
    • Корпоративный фонд «University Medical Center»